Tele2-ге кім ие?

Tele2-ге кім ие?
Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы

Almaty-akshamy.kz сайтында бүгін жарық көрген жаңалықтарға шолу – күн керуені

Алматының автобустарына не көрінді?

Қалада автобусқа қатысты оқиғалар жиі болып кетті, бүгін де қала көшесінде бір қоғамдық көлік өртенді.

Абырой болғанда, салонда жолаушылар болмағандықтан зардап шеккен ешкім жоқ. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына келгенге дейін автобус жүргізушісі Құрманғазы Мақашев ұнтақты өрт сөндіргіштерді қолданып, отқа оранған ауа өткізгіш құрылғысын сөндірген.

Ас та ауаны бүлдіреді

Әлемде жыл сайын  52 миллион тонна ет қоқысқа тасталады. Тағам қалдықтары, әсіресе ет өнімдері ауаға көмірқышқыл газынан да 20 есе күшті парниктік газ, метан бөліп шығарады.

Дүние жүзінде жыл сайын өндірілетін 4 млрд.тонна астықтың да 40 пайызы босқа ысырап болып жатыр. Британиялық ғалымдар келтірген статистикаға сүйенсек, жеміс-жидек пен көкөністің 40 пайызы өндірушіден тұтынушыға жетпей, жарты жолда қалып қояды.

Дүкенде газ жарылған

Соның кесірінен дүкен ғимараты құлаған. Оқиға Теміртаудағы Ватутина көшесіндегі екі қабатты дүкен ғимаратында болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, үйінді астынан бір әйел шығарылды. Ол үйіндінің астында ер адамның қалғанын айтқан. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Tele2-ге кім ие?

Қазақстанның ірі телекоммуникациялық операторы «Қазақтелеком» өзінің мобильді активтерінің бірі – «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/ALTEL брендтері) Таяу Шығыстың жетекші конгломераты – қатарлық Power International Holding-ке сатуды көздеп отыр. Қағидаттар туралы үш жақты келісімге («Самұрық-Қазына» АҚ) тараптар Қазақстан Президентінің Қатар еліне ресми сапары шеңберінде қол қойылды.

Жанармайдың бағасы  қанша болады?

«Ашық НҚА» порталында энергетика министрлігі шығарған бұйрықтың жобасы жарияланды. Жоба 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылаудан өтеді. Энергетика министрлігі бензин мен дизельдің жаңа бағасын белгілемек.

Судың да сұрауы бар

Сол себепті ауыз суға әртараптандырылған тариф белгіленеді. Су ресурстары және ирригация министрі Н.Нұржігітовтің  мәлімдеуінше, мұндай тариф енгізу арқылы жылына 13 млрд теңге тартуға мүмкіндік болады. Жоспар бойынша тұтынушыларды төрт топқа бөлмек.

Қарағандының қарқыны қандай?

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қарағанды облысының бірқатар негізгі өнеркәсіптік кәсіпорнына барды. 2024 жылы 252 млрд теңгеге 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, катодты мыс, кремний қорытпалары, жел энергетикасы мұнаралары, мырышталған металл бұйымдары және т.б. шығару бойынша жаңа өндірістер ашылуы тиіс. Саран қаласында жүк автомобильдерінің өндірісі іске қосылады.

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын аралау барысында Олжас Бектенов «Steel Manufacturing» патрон зауытының жұмысымен танысты. Биыл винтовка патрондары желісін іске қосу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, сондай-ақ түрлі калибрдегі патрондардың сериялық өндірісі іске қосылады деп күтілуде.

Қазақстандық патрон зауыты – қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі жоғары технологиялық бірден-бір кәсіпорын. Мұнда қауіпсіздік мәселесіне және өндірісті автоматтандыруға басымдық берілген, өндірістік процестің барлығы адамның қатысуынсыз, автоматты түрде жүзеге асырылады.

«11 көпір мен нысан бойынша жұмыстар аяқталып, Балқаш қаласын айналып өтетін жерде теміржол көпірі арқылы өтпе жол салынды. Оған қоса тасжол бойында 18 демалыс алаңы, оның ішінде санитариялық-гигиеналық тораптар салынбақ. Жобаны аяқтау үшін қазір жол құрылысы материалдары мен қажетті жайластыру элементтері белсенді түрде дайындалып жатыр.

Одан кейін Олжас Бектенов Qarmet металлургиялық комбинатының өндірістік цехтарына барды. Бүгінгі таңда комбинат – республикадағы толық өндірістік циклі бар ірі тау-кен және болат кәсіпорындарының бірі.

Содан кейін Олжас Бектенов автомобиль шиналарын шығаратын «KamaTyresKZ» кәсіпорнына барды. Мұнда көктемде сериялық өндірісті бастау жоспарланып отыр. Ол үшін арнайы курстардан білім алған 500-ден астам қызметкер бүгінде жұмысқа кірісуге дайын, ал кәсіпорын толық қуатына шыққаннан кейін қосымша 1 000-нан астам жұмыс орны ашылмақ.

Журналистерге арналған жиын

Мәдениет және ақпарат министрлігі журналистерді дағдарыстық коммуникациялар және әскери журналистика жөніндегі оқу-әдістемелік жиынға шақырады.

Шараның мақсаты – халықты сенімді және уақтылы хабардар ету мақсатында дағдарыс, төтенше, әскери қақтығыстар жағдайларындағы іс-әрекеттер мен жұмыс ерекшеліктері бойынша баспасөз қызметтері, БАҚ және қоғамдастық блогы өкілдерінің кәсібилігі мен жұмыс сапасын арттыру.

Мәртебе мен маңыз

Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Журналист этикасы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде журналистиканың мәртебесі оның қоғам және мемлекет алдындағы маңызы мен рөліне сәйкес келмейтінін айтты.

«Цифрлық медианың үстемдік құруы қазіргі журналистикадағы этикалық дағдарыстың себепшісі болды. Цифрлық контентті барлық адам жариялай алады, оның ішінде кәсіби білімі жоқтар да бар. Шекара анық болмаған жағдайда, этикалық принциптерді сақтау, өз қызметің үшін жауап беру өте қиын. Қазақстандық қоғамда фактчекинг және верификация сияқты ұғымдарды нығайту маңызды. Себебі журналистердің негізгі кәсіби міндеті – нақты фактілерді хабарлау және оқиғаны еш бұрмаламай  жеткізу», деді Аида Балаева.

Жол ақысы қымбаттай ма?

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, еліміздегі ақылы жолдардың тарифі көтеріледі.

«2013 жылдан бері тариф 11 жыл бойы өзгерген жоқ. Өткен жылы 20 пайызға қымбаттады. Біздің тарифті көрші елмен салыстырсаңыздар, Қазақстанда - 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде - 7 теңге. Сіздер салық төлеушілердің емес, «ҚазАвтоЖолдың» бюджеті есебінен болғанын қалайсыздар ғой. Онда бір ғана жолы бар, ол – ақылы жолдар тарифін көтеру», - деді министр.  

Бұл қай сайлау?

26 ақпанда Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне сайлау өтеді. Еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне кандидат ретінде Тимур Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкин ұсынылған. Даңқты боксшыны сайлау ұйымның 26 ақпанда өтетін Бас ассамблеясының отырысында дауыс беру арқылы шешіледі.