Алматыда №95 бағыттағы автобус өртенді

Алматыда  №95 бағыттағы автобус өртенді
Сурет Алматы ТЖД алынды

Алматыда Алтынсарин даңғылында №95 бағыттағы автобус өртенді

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, автобуста адамдар болмаған.

"Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына келгенге дейін автобус жүргізушісі Құрманғазы Мақашев ұнтақты өрт сөндіргіштерді қолданып, отқа оранған ауа өткізгіш құрылғысын сөндірген. Салонда жолаушылар болмаған. Зардап шеккендер жоқ", - деген Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.