Кирилл Кекер қызметінен кетті

Кирилл Кекер қызметінен кетті Сурет: интернеттен

«Қайрат» клубының бас жаттықтырушысы Кирилл Кекер қызметінен кетті.


Енді команданы 4 мамырда «Атырау» клубымен болатын матчқа Рафаэль Уразбахтин дайындайды


Футбол клубының хабарлауынша, ол командадаға басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметтен кетемін деп өтініш жазған. 44 жастағы маман «Қайрат» ФК қала береді.


Кекер команданы 2022 жылғы маусымнан бастап жаттықтырған. Оның жетекшілігімен «Қайрат»  60 матч ойнап, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 ойында тең түсіп, 16 рет қарсыластарына есе жіберген. Осы уақытта «Қайрат» ФК академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында дебют жасады.

Енді команданы 4 мамырда «Атырау» клубымен болатын матчқа бұған дейін «Қайрат-Жастар» ұжымын басқарған Рафаэль Уразбахтин дайындайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02