Елімізде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

Елімізде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде Сурет: Gov.kz

2024 жылғы 15-16 мамыр аралығында барлық өңірлерде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Бұл іс-шара табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға басқару органдарының, азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарының дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап. 

Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісовтың басшылығымен Абай облысының «Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалының аумағында орналасқан.

Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн ішінде барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені, сондай-ақ әрбір ведомство үшін жеке айқындалған тиісті кіріспелер бойынша азаматтық қорғау қызметтерімен және құралымдарымен практикалық іс-қимылдар жүргізіледі.

Республикалық штаб табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін басқа облыстардан күштер мен құралдарды тарту жөніндегі алгоритмді пысықтайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:15

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08