Отбасы – суретшілер көзімен

Отбасы – суретшілер көзімен Сурет: Almaty-akshamy.kz

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта, ең ыстық ұя.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі әрқайсысымызға үлкен мектеп. 

Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бүгінде құлдырауға ұшырауына байланысты қоғамда бірқатар керітартпа әрекеттің пайда бола бастағанын байқауға болады. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалудың бір шешімі – бүгінгі ұрпаққа отбасының маңыздылығын жеткізу. Отбасы тақырыбы Қазақстан суретшілері – Қ.Телжанов, Г.Ысмайылова, К.Шаяхметов, А.Степанов, Ә.Жүсіпов, С.Айтбаев, О.Нұржұмаев, Д.Әлиев және т.б. тұлғалардың туындыларында көркем көрініс тапқан. Олардың шығармаларында отбасындағы махаббат пен татулық, сыйластық пен құрмет-ізет сынды қазақ дәстүрінде атадан-балаға сіңген тәрбиелік ұғымдар сыр шертеді.

"Иә, отбасы – адам өміріндегі ең басты құндылық. Ол өзара туыстық байланыстан бөлек, мәдениетімізге, дәстүрімізге, елімізге, жерімізге де пайдасын тигізетін кең ауқымдағы ұғым. Отбасы – әркімнің тыныштық мекені. Ол – мемлекет уығы. Әр шаңырақта береке-бірлік, татулық болса, тұтас ел үшін де жайлы өмірге кепілдік бар деген сөз", – дейді Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің жетекшісі Гүлнұр Жұбанова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:15

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08