Қазақстанда жыл басынан бері 40 мың неке тіркелді

Қазақстанда жыл басынан бері 40 мың неке тіркелді Сурет: Azattyq-ruhy.kz

10 айда 103 мыңнан астам неке тіркелген, ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы құрылды. 

Неке саны бойынша Алматы, Астана және Шымкент қалалары көш бастап тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, 2023 жылдың шілдесінен бастап еліміздің 328 мың азаматының тууы тіркелді.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Астанада, Қарағандыда, Алматыда және Қостанайда некені салтанатты түрде тіркейді және бұл қызметті басқа қалаларда енгізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, баланың тууын салтанатты тіркеуді енгізу жоспарлануда. Қазірдің өзінде туу туралы куәліктерді жеткізу және оларды ата-аналарына тікелей перзентханаларда табыстау бойынша Астананың медициналық мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Елордадағы пилоттық жоба сұранысқа ие болған жағдайда, жоба ауқымы кеңейетін болады.

2023 жылғы 1 шілдеде «Азаматтарға арналған үкіметке» азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:15

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08