Медициналық білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау күшейеді

Медициналық білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау күшейеді Сурет: Gov.kz

 Бүгін Астанада ведомство Алқасының отырысы барысында медицина қызметкерлерін даярлау сапасы мәселелері қаралды.

Соңғы жылдары академиялық еркіндік пен университеттердің дербестік режимге көшуі оң нәтиже берді, алайда белгілі бір проблемалар туындап отырғаны атап өтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Мемлекет тарапынан бақылаудың әлсіреуі білім беру сапасының, сондай-ақ заңнамаға сәйкес біліктілік талаптарының сақталуын қадағалаудың төмендеуіне әкелді. Студенттердің шамадан тыс санының салдарынан инфрақұрылым мен оқу сапасы нашарлады. Бірқатар медициналық университеттер «қызыл» аймақта және тексерілуге тиіс.

Білім берудің жоғары стандарттарын және медицина мамандарын даярлау сапасын қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен және Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының, сондай-ақ ғылыми зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың қызметін тексеру және мониторингтеу жөніндегі барлық комиссияларға қатысуға ниетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:15

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08