Жексенбіде ел аумағында жел күшейеді

Жексенбіде ел аумағында жел күшейеді
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Қазгидромет синоптиктері 21 сәуір, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тек күндіз Қазақстанның оңтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде аздаған жаңбыр сіркірейді. 

Сондай-ақ республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Қазақстан бойынша жел күшейеді.

Елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.