Некрофил күзетші

Некрофил күзетші Сурет: интернеттен

Уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Алматы мәйітханасындағы мүрделерге азғындық жасаған күзетші 3 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматыда некрофилдің ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.


Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-дағы арнасына қалалық мәйітхананың күзетшісі ұсталғанын жазды. ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы («Қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалған.



«Мендегі ақпарат бойынша, қылмыскер телефонын өткізуге алып келген кезде ломбард қызметкерлері оны әшкерелеуге көмектескен. Телефонды бағалау кезінде одан аппараттың өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереясын ашуды сұрайды. Ол жерде 18+ фотолар болған», - деп жазды журналист.



ҚР ҚК-нің 314-бабы санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.



«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр», - деп мәлімдеді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17