Елімізде ұлттық спорт туралы заң жобасы әзірленеді

Елімізде ұлттық спорт туралы заң жобасы әзірленеді Сурет: Almaty-akshamy.kz

Спорт ғылымы мен спорттық медицинаға баса көңіл бөлу маңызды.


Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында «ҚР-да ат спорты мен ұлттық жылқы шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Дөңгелек үстелге Ұлттық Ғылым академиясының президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай, сондай-ақ Туризм және спорт министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ғылыми қоғамдастықтың, спорт клубтарының, Ұлттық спорт қауымдастығының өкілдері және оның құрамына кіретін федерациялардың басшылары мен атбегілер қатысты.



Іс-шара барысында Қазақстанда спорттық жылқы шаруашылығын дамыту, ат спорты мен ұлттық спорт түрлерінен мамандар даярлау мәселелері талқыланды.


Ұлттық спорт қауымдастығының басшысы Исламбек Салжанов ұлттық спорт саласын реттеу мәселелеріне жеке тоқталып, Қазақстанда осыған дейін бұл саланы реттейтін бірде-бір заң қабылданбағанын атап өтті.



«Ұлттық спорт қауымдастығы Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірге Ұлттық спорт туралы заң жобасын әзірлеу бастамасын көтеріп отыр. Оның аясында Қазақстанда этноспортты дамыту үшін жүйелі қолдау шаралары көзделеді», – деді Исламбек Салжанов.



Қазір мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қауымдастық Қазақстан Республикасында Ұлттық спортты дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірлеп жатыр. Онда ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары көрсетіліп, іс-қимыл жоспары мен нысаналы индикаторлары ұсынылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38