Димаштың көшесі

Димаштың көшесі
Сурет: интернеттен

ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ КӨШЕСІ

1919 жылдың маусымына дейін Капальская деп аталған, Кеңес дәуірінде ғылыми коммунизмнің негізін салушы Карл Маркстің құрметіне өзгертілген бұл көшеге Алматы әкімшілігінің 21.04.1994 жылғы № 331 шешіммен қазақтың арда ұлы, көрнекті мемлекет және саяси қайраткер, белгілі ғалым, тау-кен инженері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан КП ОК-нің бірінші басшысы, КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі берілген.

Қонаев көшесі – қаланың басты көшелерінің бірі. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Райымбек даңғылынан басталып, Абай даңғылымен аяқталады. Ұзындығы – 3083 метр.

ҚОНАЕВ КӨШЕСІНІҢ ҚИЫЛЫСТАРЫ:

Райымбек даңғылы,

Мәметова,

Мақатаев,

Әлімжанов,

Жібек жолы,

Гоголь,

Қазыбек би,

Төле би,

Бөгенбай батыр,

Қарасай батыр,

Қабанбай батыр,

Жамбыл,

Шевченко,

Құрманғазы,

Абай.

 ҚОНАЕВ КӨШЕСІНДЕГІ КӨРНЕКІ ОРЫНДАР:

 ГУМ сауда орталығы

ARTиШОК театры

Arasan Wellness & Spa сауықтыру кешені

28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ

Гранд Тянь-Шань қонақ үйі

Д.А.Қонаев бюсті

Н. Тілендиевтің мемориалдық музейі

С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражайы

Восход сауда үйі

Әлкей Марғұлан ескерткіші

Достық қонақ үйі