Тоқаев Самарқандта өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Самарқандта өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады Сурет: Aa.com.tr

Аталмыш шара барысында екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. 


Биыл 10-11 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөзь қызметіне сілтеме жасап.


«Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады», - деп жазды БОРТ №1 Телеграм-арнасы.


Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет