Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы Сурет: Қайрат Қоныспаев

Бүгін синоптик мамандар еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Ауа райы болжамымен "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова таныстырды.


"28-29 сәуірде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі, 28 сәуірде оңтүстік, 29 сәуірде солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. 29 сәуірде түнде республикамыздың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауған жаңбырдың арты қарға ұласады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауыл соғады деп күтіледі", - деді ол республикалық коммуникациялар орталығындағы брифинг барысында.

Температуралық фонға келетін болсақ, жалпы алғанда күндіз күн біртіндеп жоғарылайды. 



"Алайда 27-28 сәуірде түнде еліміздің солтүстік жартысында сынап бағаны -1-8 градус суықты көрсетеді", - дейді маман.



Сондай-ақ синоптиктер 2024 жылғы 27 сәуірге арналған өрт қаупі болжамымен де бөлісті.


"Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Сонымен қатар, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде де өрт қаупі күтіледі", - деді Алина Исмағұлова.



Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение