Тайваньда тағы жер сілкінісі тіркелді

Тайваньда тағы жер сілкінісі тіркелді Сурет: интернеттен

Қытайлық сейсмологтар Тайвань аралының маңында екі жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Синхуа.



Сенбі күні Бейжің уақытымен сағат 02:21-де Тайваньның Хуалянь округіне жақын теңіз аймағында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Орталық мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік бойынша 24,08, шығыс бойлық бойынша 121,77 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентр 30 км тереңдікте жатыр.


Сағат 02:49-да дәл осы ауданда магнитудасы 5,3 болатын жерасты дүмпулері тіркелді.


Мұндағы жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендікте 24,21 градус, шығыс бойлықта 121,77 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентр 27 км тереңдікте.


Бұған дейін сәуір айының басында Тайвань жағалауында магнитудасы 6,5-ке дейін жететін 20-дан астам жер сілкінісі тіркеліп, салдарынан 13 адам қайтыс болғаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14