Алматыда алма бақтарына ағаш отырғызу онлайн режимде көрсетіледі

Алма бақтарына ағаш отырғызу басталды - онлайн трансляция

Алматыда алма бақтарына ағаш отырғызу онлайн режимде көрсетіледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

27 сәуірде алма көшеттерін жаппай отырғызу кезінде бақтан онлайн көрсетілім ұйымдастырылады. 

Қала әкімі Sergek Group бірге ұйымдастырған трансляцияны Almaty.gov.kz ресми сайтынан көруге болсды. Трансляцияны ALA саябағы мен Қарағайлы орманынан екі камера түсіреді.

Қаланың әр аймағындағы өзіңізге ыңғайлы кез келген жерден ағаш отырғызуға қатыса аласыз. "Ағаш отырғызу орнын" 2GIS сервисінен табуға болады. 

Ағаш отырғызатын орындарды

Almaty.kz сайтынан да көруге болады..

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жаппай алма ағаштарын отырғызып, алма бақтарын құру 27 сәуірде сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін “Алматы - біздің ортақ үйіміз” науқаны кезінде “Алматы - бақ қала” акциясы аясында өтеді. 7705 жасыл желек, оның 4015 жеміс (3855 алма ағашы) және 1090 жапырақты ағаштар, 2600 бұталар (сәнағаш, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.).