«Грэммидің» бес жаңа номинациясы жарияланды

«Грэммидің» бес жаңа номинациясы жарияланды
Сурет: Egemen.kz

Америкалық дыбыс жазу академиясы 2023 жылы берілетін «Грэммидің» бес жаңа номинациясын жариялады.

2023 жылы өтетін 65-ші марапатта Ұлттық дыбыс жазу академиясы «Ең үздік саундтрек», «Үздік ән авторы», «Spoken word жанрындағы ең жақсы альбом», «Үздік альтернативті орындау» және «Америкалық үздік спектакль» номинацияларын береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Сондай-ақ 2023 жылы «Әлеуметтік өзгерістерге арналған үздік ән» үшін арнайы сыйлық енгізілген.

Айта кетсек, «Grammy-2022» рәсімі сәуірдің 3-і күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен еді.