Бұдан былай мектептерді тексеру ескертусіз жүргізіледі

Бұдан былай мектептерді тексеру ескертусіз жүргізіледі
Сурет: Baq.kz

Енді еліміздің білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулерді алдын ала ескертусіз жүргізуге болады.

Бұл туралы Оқу ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жақында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңға қол қойылды. Заң шеңберінде жоспардан тыс тексерулер жүргізу тәртібі өзгертіледі. Енді еліміздің білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулерді субъектіні алдын ала хабардар етпей және тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз жүргізуге болады.

Аталған норма балалардың құқықтары бұзылған жағдайда тексеруге дайындалу мүмкіндігін болдырмайды. Мұндай фактілерге мемлекеттік органдар тарапынан жедел реакция осы бұзушылықтарды анықтауға және болашақта осындай жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.