Алжирде 46 градус ыстық: ормандар өртеніп жатыр

Алжирде 46 градус ыстық: ормандар өртеніп жатыр
almaty-akshamy.kz

Алжирдегі орман алқабында ірі өрт басталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kzт Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Алжир Азаматтық қорғаныс басқармасының соңғы мәліметіне сәйкес, дала өртінің таралуы салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі жараланған. Өрттің шығуына елдегі ұзаққа созылған аптап ыстық пен құрғақшылық себеп болды. Кейбір аймақтарда ауа температурасы Цельсий бойынша 46 градусқа дейін жетеді, сонымен қатар елде су тапшылығымен күресуде.


Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер тікұшақтармен Алжир астанасынан шығысқа қарай 150 шақырым жерде орналасқан Тизи -Узузу провинциясында өрттің таралуын болдырмауға тырысуда.


Сұрапыл жалын үйлерді жалмап жатыр, сондықтан тұрғындарды шұғыл түрде эвакуациялауға тура келді. Жергілікті халық өртті сөндіру үшін жұмыс істеп жатқан азаматтық қорғаныс топтарына ерікті түрде көмек көрсетуде.