«Ақшамның» жеңімпаз оқырмандары сыйлыққа  ие болды

«Ақшамның» жеңімпаз оқырмандары сыйлыққа  ие болды Almaty-akshamy.kz

«Almaty Aqsamy» сүйікті қаламыздың бас басылымы ретінде өзінің тұрақты оқырмандарын тапқан. Газет пен оқырман арасын тіпті де жақындата түсу үшін жыл сайын «Жазыл да ұтып ал» акциясы ұйымдастырылып келеді. 3 мамыр күні жылдың жеңімпаз оқырмандары анықталып сыйлықтары табыс етілді. 

 

 

Биыл да «Алматы Ақшамы» басылымына жазылып, түбіртегін редакцияға жолдаған оқырмандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды. Ал оның жеңімпаздары тәуелсіз бақылаушылар және редакция өкілдерінің қатысуымен анықталды. 

 

Айта кетейік, «Жазыл да ұтып ал» акциясы басылымның жылдық жазылымына ие оқырмандар арасында өтеді. Жазылым түбіртектері айналмалы жәшікке салынып, одан тәуелсіз бақылаушы екі жеңімпаздың түбіртектерін алып шықты. 

 

 

Тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысқан «Қазақстан Республикасының Мамандандырылған оқу орталығы» ЖШС өкілі Владимир Соболевтің кездейсоқ таңдауымен, Алимжанова Тажикан Тажиковна және Садикбеков К.Д. есімді талайлы оқырман «Ақшам жеңімпазы» атанды.  

 

Нәтижесінде, Алимжанова Тажикан Тажиковна MAGNA M20B7001-W қысқатолқынды жылытқышқа, ал Садикбек К.Д. RAF Blender Set R368B сынды блендр жинағына ие болды. Сонымаен қатар «Вечерний Алматы» басылымының жеңімпаз оқырманы ретінде – Жуков Вадим Павлович пен Дин Надежда сынды оқырмандардың аты белгілі болды. 

 

Жеңімпаз оқырмандарға сыйлықтарды жеткізу 7 мамырда өтетін болады. 

 

«Алматы Ақшамының» редакциясы барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтайды! Редакциямыз сапалы мәлімет, керекті ақпаратпен қатар оқырманға ізгі ниет пен жан жылуын жеткізуді мақсат етеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50