1 мамыр әлемде қандай күн?

1 мамыр әлемде қандай күн? Сурет: интернеттен

Дәл осы күні 8 сағаттық жұмыс күні бекітілген.


1 мамыр кей елдерде халықаралық жұмысшылар күні, Еңбек күні ретінде аталып өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Австралиялық жұмысшылар 1856 жылы 8 сағаттық жұмыс күні орнасын деген талаппен наразылық шеруіне шыққан. 30 жылдан кейін мұндай талапты Канада және Америка елдерінің жұмысшылары да қойған.


Арада 3 жыл өткен соң ІІ Интернационалдық Конгресте 1 мамыр Әлем елдері жұмысшыларының халықаралық ынтымақтастығы күні деп белгіленді.


1 мамырда аталып өтетін "Еңбек күні" австралиялықтар үшін де өте маңызды. Австралиядағы "Еңбек күнінің" бір ғасырдан астам тарихы бар. Бұл күні халық еңбектің әділ бағалануы үшін күрескен жандарды еске алады. Өйткені 1800 жылдары жұмыс күні тым ұзақ әрі ауыр болатын, кейбір қара жұмысшылар аптасына алты күн, тәулігіне 12 сағатқа дейін жұмыс істеді.


1856 жылы 21 сәуірде Мельбурн университетінің тас қалаушылары 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуді талап етіп, парламент ғимаратына қарай шеруге шықты. Ақырында жұмыс берушілер тарапынан 48 сағаттық жұмыс аптасы мен 8 сағаттық жұмыс күнін бекітуге келісім берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22