Есірткі сақтаған алматылық ұсталды

Есірткі сақтаған алматылық ұсталды polisia.kz

Алматы полициясы есірткі сақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайдыаlmaty-akshamy.kz

Алматы полицейлері Түрксіб ауданының 37 жастағы тұрғынынан мылтық пен бірнеше бума “бума” есірткі затын тәркіледі. 

– Құқықтық тәртіп іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен, қалтасынан бір бума сұр түсті ұнтақ заты бар және екі сөмке табылған ер адамды ұстады. Күдіктінің үйін тінту кезінде атыс қаруы – 5,6 мм калибрлі ТОЗ-8 тіркелмеген аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. Қару мен есірткіні заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:15

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08