Ерболат Досаев білім беруде инновациялық әдіспен жұмыс істейтін жекеменшік мектепке барды

Ерболат Досаев білім беруде инновациялық әдіспен жұмыс істейтін жекеменшік мектепке барды Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматы әкімі Ерболат Досаев 2018 жылы 8,9 млрд теңге болатын жеке инвестиция есебінен салынған New Generation School (NGS) мектебіне барды.


Оқу орны екі ғимараттан тұрады. Біріншісі 2018 жылы салынған, онда primary және middle school (бастауыш және орта мектеп) орналасқан. 2023 жылы инвестиция көлемі 4 млрд теңге болатын жаңа High School (жоғары мектеп) ғимараты ашылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



Қала әкімі коворкинг орталықты, акт залын, оқу кабинеттері мен робототехника сыныбын, асхана мен кітапхананы аралап, зертхана, химия, физика, математика мамандандырылған кабинеттерінің, сондай-ақ спорт және тренажер залдарының, бассейн мен арт-алаңның жұмысымен танысты.


Ерболат Досаев оқушылармен және педагогтармен әңгімелесті, балаларды оқыту мен тұлғалық дамыту әдістемесімен танысты, қаланың басқа мектептері үшін үлгі бола алатын оқу үдерісінің жоғары ұйымдастырылғанын атады. Сондай-ақ, қала әкімі түлектерге оқуда, шығармашылық жолында табыс тілеп, мұғалімдердің еңбегіне алғыс айтып, тілектер кітабына жазба қалдырды.




«Біз «мектептегі мектеп» қағидаты бойынша жұмыс істейміз, яғни балалар осында оқып, үй тапсырмасын орындайды, түрлі үйірме мен секцияға қатысады. Балалар жүзумен айналысады, боксқа барады, футбол ойнайды, сурет салады», - деді бастауыш мектеп директоры Руфина Хисамутдинова.



Мектеп аумағына адамның биометриясы функциясы бар өткізу жүйесі арқылы кіруге болады, бөтен адам кіре алмайды, 200-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Сейсмикалық жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп, балалар төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекетін пысықтайды.



Бүгінде аумақта оқушылардың дамуы мен шығармашылығы үшін жалпы ауданы 20 мың шаршы метрден асатын екі оқу ғимараты орналасқан. Мектеп 0-11 сынып оқушылары үшін 1350 орын есептелген, 300-ден астам жұмыс орны құрылған.


Сөз соңында Ерболат Досаев әкімдік Алматыдағы мектептің білім беру жүйесіне жеке инвестиция тартуды қолдайтынын жеткізді. Жалпы, бүгінде мегаполисте 122 жекеменшік мектеп бар, онда 35689 бала оқиды. 2022-2023 жылдары 5539 орындық 22 жекеменшік мектеп ашылды.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04