Мың бояулы Алматы...

Мың бояулы Алматы...
Суреттер: О.Жолдыбай

Ғажайып көріністер.

Түнгі Алматының әсем көз тартар көрікті жерлерін түсіруге машықтанып келеміз. Соның кезекті санын қаламыздың көпшілік мән бере қоймайтын орындарынан бастадық. Қарапайым тілікте аса көңіл бөліне бермейтін қандай жер деп ойлайсыз? Ол, әрине - жер асты жолы. Қазір қай орынға барсаңыз да, керемет етіп әспеттелген. Мен үшін ерекше назар аудартатын, алыстан мен мұндалап тратын жер ол - туннел . Мұнда ең ғажабы майлы қанық түсті бояулармен салынған суреттер. Менің осы жолғы суретке тартып, көзіме оттай басылған жер - Абай даңғылы мен Достық көшелері қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған жерасты жолы. Оның үстіне түнгі шамдардың жарығы, ұлттық нақыштан хабар беретін ою-өрнек адамды тез баурайды. Әсіресе, шығармашыл жандарға қатты әсер етеді деп ойлаймын. 

Мұндағы көзге оттай басылғаны жылқы болды. Пырақты жақсы көрмейтін қазақ кемде-кем шығар. Өйткені ата-бабамыз атты ердің қанатына балаған. Ауыспалы терең мәнде айтылса, түпкі ойы пәлсафаға тіреледі. Жүйрік ат пен құмай тазы жеті қазынаға кіреді. Сондықтан болар дереу суретке тарттым. Барлық көрген-білгенімді бөлісуге тырысудамын.

Осылайша түнгі Алматының көрікті аймақтарынан қысқаша фоторепортаж беруді құп көрдім.