Оқу орны көп көше

Оқу орны көп көше
Сурет: интернеттен

БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨШЕ

Әу баста Тараншы, кейінірек Космонавтар көшесі аталған көшеге Алматы қаласы әкімінің 18.04.1993 жылғы № 78 шешімімен Алаш партиясы көшбасшыларының бірі Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.  

Алашорда партиясының жетекшілерінің бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы Орынборда ұлттық-қоғамдық-саяси және ғылыми-әдеби басылым «Қазақ» газетін ашқан. Ахмет Байтұрсынұлы белгілі түркітанушы, реформатор ғалым, қазақ тілі білімі, әдебиеттану және қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымдарының негізін салған зерттеуші, қоғам қайраткері, сталиндік репрессияның құрбаны.

Алматының Алмалы, Бостандық аудандарын қиып өтетін көшенің ұзындығы – 4450 метр.

БАЙТҰРСЫНҰЛЫ КӨШЕСІНІҢ ҚИЫЛЫСТАРЫ:


Мақатаев,

Гоголь,

Әйтеке би,

Қазыбек би,

Төле би,

Бөгенбай,

Қарасай,

Қабанбай,

Жамбыл,

Шевченко,

Құрманғазы,

Абай,

Сәтпаев,

Бұқар жырау,

Ғабдуллин,

Политехническая,

Никитина,

Тютчев,

Тимирязев.

БАЙТҰРСЫНҰЛЫ КӨШЕСІМЕН ҚАТЫНАЙТЫН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР:


Автобустар: 18, 25, 30, 44, 79, 113, 224

Троллейбустар: 7, 9, 11.


БАЙТҰРСЫНҰЛЫ КӨШЕСІНДЕГІ КӨРНЕКІ ОРЫНДАР:

Трамвай депосы

RAMADA қонақүйі

Алматы техникалық университеті

Гүл базары

Никольский базары

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы сквер

Ахмет Байтұрсынұлының музей үйі

Педагогикалық шет тілдер колледжі

Қазақ спорт және туризм академиясы

«Байқоңыр» метро станциясы

«Байқоңыр» бизнес орталығы

Балуан Шолақ атындағы спорт кешені

Қ. Сәтпаев атындағы политехникалық университет

Г. Дәукеев атындағы Энергетика және байланыс университеті

Әскери істер институты

Жергілікті полиция қызметі, Алматы қалалық ПД