Бүгін Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді

Бүгін Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді

Осы жиынға қатысу үшін Астанаға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері келіп жетті. 

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде өткізілетін іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, отырысқа Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Қорғаныс министрі шақырылған.