Жазалы бозбалалар ақынмен кездесті

Жазалы бозбалалар ақынмен кездесті Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты  №11 мекеме өкілдері Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлерімен бірлесіп, белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мәрте стипендиаты Маралтай Райымбекұлымен рухани кеш өткізді.


Кеште ақын рухты жырларын оқыды. Аяғын жаза басып, істі болған жастарға адамгершілік, достық, қайырым, мейірім тақырыптарында сыр шертіп, оларды жақсылыққа үндеді. Бозбалалар мейманның әсерлі әңгімесін ұйып тыңдады, көкейде жүрген сауалдарын да қойды. Ақынның өлеңдері оларға ой салғаны анық.


Жалпы, түзету колониясында мұндай кештер жиі ұйымдастырылып тұрады. Себебі, жазалы жасөспірімдерді өткен күнмен емес, алдағы күндермен өмір сүруге, жақсы күндерден күдер үзбеуге үндеу – басты міндет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26