Бүгін түнімен Алматыда жауын жауады

Бүгін түнімен Алматыда жауын жауады Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жауын-шашын кезінде 1200 қызметкер мен 300-ден астам арнайы техника жұмылдырылады


Болжам бойынша кешкі сағат 18.00 ден бастап, 6 мамыр күні таңға дейін Алматы қаласында түнгі уақытта жаңбыр жауады деп күтілуде.


Жауын-шашын кезінде су тасқынының алдын алу және жою, судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалармен, багрлермен және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылатын болады.


1,9 мың қап құм дайындалды. Жауын-шашын кезінде барлығы 318 бірлік арнайы техника мен 1200 жұмысшы жұмылдырылады.


Қазіргі уақытта 320 жұмысшы мен 92 бірлік арнайы техниканың күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және кездейсоқ қоқысқа арналған жерлерді тазарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.


«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша 5 мамырда кешке және түнде нөсер жаңбыр жауады. 


Оңтүстік-батыс тан соғатын желдің екпіні 3-8, найзағай кезінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. күндіз ауа температурасы +26...+28°C.


6 мамыр: аздап бұлт болып жаңбыр жауады, түнде мезгіл- мезгіл нөсер жаңбыр күтіледі. Найзағай, бұршақ болуы мүмкін. 


Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 3-8, найзағай кезінде 15-20 м/с. ауа температурасы түнде + 12...+14°C, күндіз + 18...+20°C.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26