Жауынгерлік қызмет үздіктері марапатталды

Жауынгерлік қызмет үздіктері марапатталды almaty-akshamy.kz

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3650 әскери бөлімі жауынгерлік қызметін үздік атқарған сарбаздарды марапаттады.


Әскери бөлімнің атқыштар ротасының міндеті – «Ұлттық ұланы туралы» заңына сәйкес маңызды мемлекеттік обьектілерді күнделікті күзету және қорғау.  Сондай-ақ, бұл әскери бөлімде атқыштар ротасының мерзімді әскери қызметшілері Отан алдындағы борышын өтеуде. Атқыштар ротасында ай сайын мерзімді әскери қызметшілер мен міндетін үздік орындаған сарбаздарды  маратаптау дәстүрге айналған.



7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай  атқыштар ротасының 1-взводы 1-бөлімшесінің аға сарбазы (аға атқышы) қатардағы Талап Оңалбаев және атқыштар ротасының 2-взводы 2-бөлімшесінің аға сарбазы (аға атқышы) қатардағы Нұрбек Әсемов  жауынгерлік қызметті және берілген тапсырманы үздік орындағаны үшін бағалы сыйлықпен марапатталды.  



Іс-шара атқыштар ротасының командирі, капитан Әкімжан Әшір мен рота командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Мадияр Дүйсенбектің  ұйымдастыруымен өтті. 3650 әскери бөлімінің Тәрбие және әлеуметтік құқытық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Байрам Алиев  қонақ ретінде шақырылып, жауынгерлік қызметтің үздіктері – қатардағы 2 сарбаздың ата-аналарына да Алғыс хат берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21