Министрдің челленджі

Министрдің  челленджі Сурет: Almaty-akshamy.kz

Аида Балаева бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.


ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз әріптестерін "Ауыл кітапханаларына 100 кітап" атты акцияға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



"Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент өз сөзінде: "Шын мәнінде кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек" деген болатын. Осы орайда, "Ауыл кітапханаларына 100 кітап" атты акция бастадық", деді Аида Балаева.



Министр жекелей өзі Абай Құнанбайұлының ауылы Қарауылға және Қаныш Сәтбаевтың ауылы Баянауылға және өз туған ауылына әлем және қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын, танымдық-ағартушылық әдебиеттерді тарту еткенін атап өтті.



"Бұл акцияны өзге де әріптестерім, министрлер қолдап, қазірдің өзінде бірнеше ауылға кітап жеткізіп үлгерді. Мәселен, Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған Бағдат Батырбекұлы жеке атсалысып, еліміздің бірқатар өңіріндегі ауыл кітапханаларына 100 кітаптан табыс етуде", деп жазды министр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26