Су тасқынынан зардап шеккендер қазан айының аяғына дейін баспанамен қамтылады

Су тасқынынан зардап шеккендер қазан айының аяғына дейін баспанамен қамтылады Сурет: 24.kz

Бүгінгі таңда тасқыннан зардап шеккен 16 мыңнан астам отбасына 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі бірреттік төлем берілді. Оның жалпы сомасы 6 млрд теңгеге жуықтайды.


Өңірлік комиссияларға бүлінген мүлік пен шығынды өтеу бойынша 25 мыңға жуық өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Үкімет баспанасынан айырылғандарды тұрғын үймен қамтудың үш жолын ұсынып отыр. Нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіледі, дайын пәтер сатып алынады немесе жаңа баспана салынады. Егер азамат үйді өзім саламын десе, қаржыны бөліп беру тетігі қарастырылған. Жаңадан салынатын бір бөлмелі пәтердің ауданы 80, екі бөлмелі пәтердің ауданы 160 шаршы метр болады.



«Ауданы 80 шаршы метр үйдің құны 22 млн шамасында, екі бөлмелі 160 шаршы метрлік үйлер 41 млн теңге шамасында болады. Бұл әкімдіктер бөлген жер учаскелеріне бекітілетін типтік жобалар бойынша. Ереже бойынша, баспананың құны мен көлемі типтік жобалардан асып кетсе, бюджеттен тыс көздерден қаржыландыруға болады. Яғни түрлі қорлардың қаражаты пайдаланылады. Бастысы, Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмеуі керек», - дейді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басқармасының бас сарапшысы Марат Жарболов.



Мұндай үйлердің шаршы метрі 275 мың теңге болып бағаланады. Бұл сома бюджеттен тыс көздердің қаражаты есебінен көбеюі мүмкін. Құрылыс жұмыстары 1,5 айдан 2,5 айға дейін жүруі мүмкін. Ол үйлерді су тасқыны қаупі жоқ жерлерге салады. Яғни жаңа орында инфрақұрылымдық жобалаар да салынуы керек. 


Виктор Микрюков, «Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы» төрағасы: -


«Миллиардтаған қаражат керек болады. Өйткені орасан зор шығын келді. Қазір кәсіпкерлер де белсенді көмек беріп жатыр. Біздің қауымдастыққа кіретін компаниялар да қорға 1,5 млрд теңге аударды. Тағы 6 млрд теңге аударамыз. Құрылысшылар бұл қиындықты бірге еңсеруге барынша көмектеседі.



«Топан су кеткен соң одан зардап шеккен аймақтар қалпына келтіріледі. Бұл күрделі әрі жауапты жұмыс. Ең алдымен, азаматтарға шығындарын өтеу үшін тиісті өтемақы төленеді. Үй-жай құрылысы басталады, баспана беріледі, бүлінген инфрақұрылым жөнделеді. Президент ретінде мен бұл жұмыстарға қаржы жұмсаудан аянып қалмаймын. Мен үшін, ең бастысы, азаматтардың әл-ауқаты. Осы қыруар жұмыс өте аз уақытта, яғни жаз бен күздің бес-ақ айында аяқталуға тиіс. Бірақ біз бірлесіп, бұл шаруаны абыройымен атқарып шығамыз деп сенемін. Тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмысын өзім жеке бақылауға аламын», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 



Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы тұрғындардың барлығы қазан айына дейін баспанамен қамтылады. Үкімет резервінен қазірдің өзінде 405 млн теңге бөлінді. Қаражатқа Қостанай облысында 31 пәтер сатып алынды.


Ал Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақcтан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында баспана салу үшін жер телімдері бөлініп, мердігер ұйымдар белгіленді. Құрылыс жұмыстары жақында басталады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26