Елімізде коронавирустан 700-ге тарта адам емделіп жатыр

Елімізде коронавирустан 700-ге тарта адам емделіп жатыр
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанда 8 қарашадағы мәлімет бойынша 693 адам коронавирус инфекциясынан (–553+ және 140 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың ішінде 82 пациент стационарда, 611 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 1 науқас ӨЖЖ аппаратымен дем алуда», - деп жазды ведомстводан.
Ал вакцинаның бірінші компонентімен қамьылған азаматтар саны 10 844 185-ке жетсе, екінші компонентін 10 607 287 адам салдырған. Ревакцинациялан 5 630 150 тұрғын бар.