Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Жауапкершілік жүгі ауыр

Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Жауапкершілік жүгі ауыр
Сурет: Almaty.tv

Президент сайлауына дайындық жүріп жатыр. Оның ең маңызды тұсы – кімді сайлаймыз деген әрбір азаматтың таңдауы ғой. Алдағы 7 жылда өз тағдырымызды кімге сеніп тапсырамыз? Сол тұрғыдан келгенде, сайлаудың жауапкершілігі өте үлкен. Оның арғы жағында біздің таңдауымызға бүкіл Қазақстанның тарихы тіреліп тұр. Біз дұрыс таңдау жасасақ, Қазақстанның тағдыры да дұрыс болады. Әрқайсымыз мықты ойлауымыз керек. Өзіміздің кандидатымыздың қолынан не келеді? Осыны ойлануымыз керек. Біздің тілейтініміз – осы.