Жолсерікті бопсалаған блогер сотталды

Жолсерікті бопсалаған блогер сотталды
Сурет: видеодан алынды

Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын 2 жыл бойы жолсерікті қорқыту арқылы ақша алып отырған.

Семейден қатынайтын жолаушылар пойызына мініп, қызметкерлерді масқаралайтын видео түсірген. Өзін блогер және қоғам белсендісі ретінде таныстырып, әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытқан. Сосын теміржол қызметкерлері қорыққандықтан ақша беріп келген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Осылайша, блогер екі жыл ішінде 10 миллион теңгеден астам ақша алған. Бопсалаушының бұл әрекетінен 25 жолсерік зардап шеккен.

"Қылмыстық кодекстің 58 бабы 3-бөлігі бойынша жеңіл жазаны ауыр жазаға ауыстырып, 3,6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Жаза үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептелсін", – деді судья.