Еліміздегі кедейлік деңгейі басым өңірлер белгілі болды

Еліміздегі кедейлік деңгейі басым өңірлер белгілі болды
Сурет: Ашық дереккөз

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 5% болды, яғни 986 587 адам, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кедейлер саны көп өңірлер:
• Түркістан (8,5%);
• Маңғыстау (8,1%) облыстарында.
Кедейлер саны аз өңірлер:
Астана қаласы (2,1%);
Ұлытау облысы (2,2%).
Өңірлер бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы IV тоқсанының қорытындысы бойынша 8,9% болды, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.

Кедейлік деңгейі тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы. ҚР бойынша 2022 жылғы IV тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 45 623 теңге болды.