Antikor Almaty басшысы студенттерге дәріс оқыды

Antikor Almaty басшысы студенттерге дәріс оқыды
Almaty-akshamy.kz

Жемқорлыққа жол жоқ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа да өзекті мәселелері бойынша TEDx форматында дәріс өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Спикер – Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Ахметов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, парасаттылық, адалдық, жауаптылық және патриотизм қағидаттарын бойына сіңірудің маңыздылығын атап өтті.

«Сіздер – біздің жастарымыз, халықтың неғұрлым белсенді бөлігі бола отырып, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңызды факторы болып табыласыздар. Білімге ұмтылыңыздар! Өз құқығыңыз бен заңдарыңызды біліңіз», – деді Мұрат Ахметов.

Сондай-ақ, спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы айтып, студенттермен құқық бұзушылықтарға тап болған кезде қайда жүгіну керектігін бөлісті:

«Егер сіз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға тап болсаңыз, онда сіз әрқашан «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – 1424» колл-орталығына жүгіне аласыз. Бұл сіздің еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қатысуыңыз. Шетте болмау, сыбайлас жемқорлықпен күресетіндерге көмектесу маңызды», - деді ол.

Кездесу соңында қаланың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы шараға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Өз кезегінде жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша өз идеялары мен ұсыныстарымен алмасты.