Ұлыбританияда дәрігерлер ереуілге шықты

Ұлыбританияда дәрігерлер ереуілге шықты
Сурет: ашық дереккөз

Олар өздерінің жалақыларын көтеруді талап етуде.

Ұлыбританияда мыңдаған кіші дәрігерлер үш күндік ереуілге шықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Euronews-тің мәліметіне сүйенсек, олар төмен жалақыға наразылық білдіріп, оны 26%-ға көтеруді талап етіп жатыр.

Ұлыбританиядағы кіші дәрігерлер медициналық қызметкерлердің жартысына жуығын құрайды. Ереуілге байланысты британиялық ауруханалар ондаған мың амбулаториялық қабылдау мен операцияларды тоқтатты.

Елдің Денсаулық сақтау министрі наразылық білдірушілерге ереуілді тоқтатуға шақырды, бірақ жалақыны көтеру туралы келіссөздерді бастаудан бас тартты.