Қазақстан Ресейден газ сатып алады

Қазақстан Ресейден газ сатып алады Сурет: интернеттен

Қазір көрші елмен көгілдір отынның бағасы келісіліп жатыр.


Көрші елден Қытайға Қазақстан аумағы арқылы жылына шамамен 35 млрд текше метр газ тасымалданбақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақстан ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін Ресейден газ сатып алады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ТАСС агенттігіне мәлімдеді.


Ол былтыр күзден бері Ресейдің газы Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалданып жатқанын еске салды.



"Біз шынымен де газға мұқтажбыз. Қазақстан өз аумағын транзит үшін пайдаланады. Біз транзиттік әлеуетімізден барынша пайда көргіміз келеді. Жол картасына қол қойылды. Қытайға жеткізілетін 35 млрд текше метр газ туралы сөз болып отыр. Бұл Қазақстанның шығыс және солтүстік-шығыс өңірлерін газдандыруға мүмкіндік береді. Сол себепті біз әлгі уағдаластықтардың бәрін құптаймыз және жобалардың жүзеге асқанына қуанамыз», - деді Абаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26