Түркістанда халықаралық пошта алмасу орны ашылды

Түркістанда халықаралық пошта алмасу орны ашылды Сурет: Almaty-akshamy.kz

Аптасына 60 тоннаға дейін пошта жөнелтілмек.


Қазақстан Республикасының халықаралық транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында бүгін «Қазпошта» Дүниежүзілік пошта одағының жүйесінде тіркелген транзиттік халықаралық пошта жөнелтілімдерін өңдеуді жүзеге асыратын Түркістан қаласында халықаралық пошта алмасу – «Түркістан» ХПАО орнын ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Гонконг пен Ресей Федерациясының тағайындалған операторларымен көпжылдық ынтымақтастықты ескере отырып, «Түркістан» ХПАО арқылы пошта жөнелтілімдерінің қосымша транзиттік логистикасын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.


Осы жоба аясында компания қазақстандық логистикалық компаниясы –«Alpha Sky» ЖШС-мен Халықаралық транзиттік пошта және жүк жөнелтілімдерін тасымалдау туралы меморандумға қол қойды.


Пошта жөнелтілімдерінің жоспарланған көлемі  – аптасына 60 тоннаға дейін.


«Қазпошта» акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасының Ұлттық пошта операторы өз қызметін Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне, Кеден одағының Кеден кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР Кодексіне, «Пошта туралы» ҚР Заңына сәйкес халықаралық пошта байланысы қызметтерін ұсына отырып жүзеге асырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26