Әуезов ауданы тіркелген есірткі қылмыстары бойынша көш бастап тұр

Әуезов ауданы тіркелген есірткі қылмыстары бойынша көш бастап тұр Сурет: Egemen.kz

Сондықтан да  аудандағы өзекті мәселелердің бірі - есірткі қылмысының жолын кесу болып отыр.


Бұл жөнінде қала әкімінің Әуезов ауданының тұрғындарымен өткен кездесуіне айтылды.


Тек осы жылдың басынан бері 92 жағдай тіркелген, бұл өткен жылдың 12 айындағы көрсеткіштен жоғары (78), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Есірткі қылмысының жолын кесу және қарсы іс-қимыл жасау үшін биылғы жылы азаматтар көп жиналатын жерлерге камералар орнату жобасының аясында ауданға 457 камера орнату жоспарланған, оның 87-сі аулаларға, 202-сі әлеуметтік объектілер жанындағы саябақтарға орнатылатын болады (72 – сауда орталықтарының жанында, 32-базарлардың жанында, 24-көше қиылыстарында).




"Есірткі қылмысына қарсы тиімді күресу үшін азаматтар мен полиция бірлесіп іс-қимыл жасауы қажет.  Мен Сіздерді есірткі сатудың ықтимал фактілері, күдікті іс-әрекеттер туралы полицияға хабарлауға, есірткінің таралуына мүлдем төзбеуге шақырамын", -  деді қала әкімі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59