«Алматы — біздің ортақ үйіміз»: акциялар туралы ақпаратты 2 ГИС-тен көруге болады

«Алматы — біздің ортақ үйіміз»: акциялар туралы ақпаратты 2 ГИС-тен көруге болады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны жалғасуда.

Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде. Сонымен қатар, «Қоқысты кофеге/тағамға айырбастаңыз», «Бояуды алыпыз және қоршауыңызды бояңыз» акциялары  туралы 2 ГИС электронды анықтама бойынша мекенжайлардың тізімін көруге болады: «Акция бойынша бояуды беру нүктелері» және «Акция бойынша қайта шикізатты тапсыру пункттері» сұрауын жазу жеткілікті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

 Бұдан басқа, «Ағаш отырғызатын орын» сұранысы бойынша - ағымдағы жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00 – ден 13.00-ге дейін «Алматы – бау-бақ қаласы» акциясы аясында  жасыл желектер мен алма ағаштарын жаппай отырғызу орындарын табуға болады. Қатысушыларды белсенді конкурстар, мастер-кластар күтеді. Әркім өз үлесін қосып, сүйікті қаласы үшін ағаш отырғыза алады.