Ташкентте ТМД-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметі басшылары кеңесінің 78-ші отырысы өтті

Ташкентте ТМД-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметі басшылары кеңесінің 78-ші отырысы өтті Сурет: https://web.telegram.org/k/#@kgdmfrk

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев ағымдағы жылғы 26 сәуірде Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің кеден қызметі басшылары кеңесінің 78-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Отырысқа сондай-ақ Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан кеден қызметтерінің басшылары және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.


Отырыс кезінде кедендік бақылауды және шекарадағы формальдылықтарды жетілдіру, сондай-ақ кадрларды дайындау мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ отырыста кеден қызметтерінің басшылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтерінің транзиттік порталын құру, транзиттік ағындарды бақылауды оңайлату, тасымалдарды навигациялық пломбаларды қолданумен қадағалау және жеке тұлғалармен тауарларды әкелу ерекшеліктері мәселелерін қарастырып олар бойынша шешімдер қабылдады.


Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы ТМД кеңістігінде транзиттік тасымалдар үшін цифрлық технологияларды қолдану, үздіксіз тасымалдар механизмін қолдану және цифрлық жетілуді одан әрі көтермелеу қажеттігін атап өтті.


Отырыстың қорытындысы бойынша тараптар өзара саудада әкімшілік кедергілер мен шектеулерді одан әрі төмендету, тауарларды шекара арқылы өтуін жылдамдату және ТМД кеңістігінде заңсыз тауарайналымен күресу ТМД кеден қызметтері қатынастарының басымды бағыттары екені атап өтілді.


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің кеден қызметі басшылары кеңесінің кезекті отырысы ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет