Алаяқ қыздар тұрмысқа шығып, одан тез қайтуды кәсіп қылған

Алаяқ қыздар тұрмысқа шығып, одан тез қайтуды кәсіп қылған
Сурет: Astanatv.kz

Екі жылда бес рет табалдырық аттаған Әсел есімді қыздың оқиғасы жұрттың жағасын ұстатты. 

Осы аралықтағы одан жапа шеккен бірнеше енесі “Көреміз” бағдарламасына келіп, көмек сұрауға мәжбүр. Себебі экс-келіндері қалыңмал алған соң, тайып тұрған екен. Бұл оқиға жайлы Almaty-akshamy.kz Astanatv.kz-ке сілтеме жасап.  

Бағдарламаға бойжеткеннен «зардап шеккен» бірнеше адам келіп, мән-жайды айтып берді. Райхан Жұманова есімді кісі келіннің құтты болмағанын айтады.

"Енесі - менің әпкем. Жиенім оның алаяқ екенін білмепті. Екі айдай сөйлесіп, үйленетін болып шешті. Үлкен тойды да белгіледік. Бірақ, сол екі ортада бір кісілер хабарласып, қыздың алаяқ екенін мәлімдеді. Ол кезде қалыңмалын беріп қойған едік", - дейді алаяқ келіннен жапа шеккен тарап.

Осыдан кейін полицияға хабарласып, бөлімшеде барлық мән-жайды біледі. Сөйтсе Әсел бұған дейін төрт босаға аттаған. Келін болып түскен әр үйде бар болғаны бір жарым айдай тұрған.