Алматыда көші-қонды бақылау күшейді

Алматыда көші-қонды бақылау күшейді
Сурет: Almaty-akshamy.kz
"Құқықтық тәртіп" кең ауқымды іс-шарасына байланысты Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Әуезов ауданында көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстанның үш азаматы анықталды. Олардың құжаттары да болмаған.

"Құқық бұзушылар жеке басы анықталғанша, полиция департаментінің қабылдап-таратуына орналастырылады".Алматы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов

Сондай-ақ Бутунчинов іс-шара барысында қалада заңсыз тұрып жатқан шетелдік азаматтардың шоғырланған жерлері, атап айтқанда, қонақүйлер, жалдамалы пәтерлер, жатақханалар мен құрылыс алаңдары тексерілетінін атап өтті.