Тағы бір әйелді ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалды

Тағы бір әйелді ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалды
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда көшеде әйелді тағы бір ұрып-соғу оқиғасы видеоға түсіп қалды.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда ер адамның алдымен құрбанын тепкілеп, кейін шапалақпен тартып жібергені көрінеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Бейнежазбаға адамдар арасында қандай кикілжің болғаны, олардың кім екені белгісіз.
Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Қазір видеодағы адамдардың жеке басы мен оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кінәлі адам жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.