«Референдум - халық үніне құлақ асу»

«Референдум - халық үніне құлақ асу»
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Азаматтық авиация академиясында «Референдум - халық үніне құлақ асу» атты семинар сабақ өтті.

Іс-шара депутаттардың, саяси қайраткерлердің, ҚазМУ саясаттанушыларының шақырылуымен конституциялық реформаларды көпшілік қауым мен студенттерге түсіндіру мақсатында өтті.

Семинар сабаққа «Азаматтық авиация академиясы» АҚ Басқарма Төрағасы Б.К. Сейдахметов, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Химиялық инженерия институты директорының орынбасары Руслан Нұрлыбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторы Мейрам Сарыбаев және саяси қайраткерлер, Азаматтық авиация академиясының ұстаздары мен белсенді студенттер қатысты.

 Шара барысында ҚР Конституциясының 33 бабына енгізуге ұсынылған өзгертулердің маңыздылығы мен өзектілігі, сондай-ақ бұл өзгерістердің жаңа Қазақстанды құруда қандай ықпалы болатыны талқыланды.

Жалпы, семинар сабақта 200-ден астам адам болды.