Satpayev University студенттері Алматының ТЖД үшін жер сілкінісінің мобильді симуляторын әзірледі

Satpayev University студенттері Алматының ТЖД үшін жер сілкінісінің мобильді симуляторын әзірледі
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университеті арасында қол қайылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде, Сәтбаев университеті Төтенше жағдайлар департаментіне 7 баллға дейінгі көлденең және тік жер сілкіністерін имитациялайтын мобильді жер сілкінісі симуляторын әзірледі.

Жер сілкінісі тренажері Төтенше жағдайлар департаментіне ақысыз негізде берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

«Баршаға мәлім, Алматы қаласы сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан, сондықтан қала халқы төтенше жағдайларға дайын болуы, өзін-өзі құтқару жөніндегі іс-қимылдарды алдын ала білуі тиіс.

Әзірленген мобильді тренажер жер тербелісін шынайы түрде орнатып халықты жер сілкінісі кезіндегі үрейсіз, нақты дұрыс іс-әрекеттерге жасауды үйретеді. Көлденең және тік жер тербелісінде кезінде қандай іс-қимелмен ден қоюға түсінуге болады. Ғимарат қисайған кезде адам кеңістіктегі бағдарын абдырап қалып, не істерін білмей қалады. Қиын жағдайда өзіңізге және жақындарыңызға көмектесу үшін бұл құбылысты  өзіңіз сезінуіңіз қажет», - деп ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев өз пікірімен бөлісті.

Симулятор Төтенше жағдайлар департаментінің қалалық оқыту курстарында және Алматы қаласы бойынша көшпелі сабақтарда қолданылатын болады, осылайша халыққа төтенше жағдайдағы мінез-құлық дағдыларын машықтайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы Сәтбаев университетіне төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға сүбелі үлес қосқан үшін алғыс білдіреді.