26 сәуірде - мотоциклдегі полиция патрулі пайда болған

26 сәуірде - мотоциклдегі полиция патрулі пайда болған
Сурет: almaty-akshamy.kz

26 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғаларға шолу жасап көрсек.

Ең алғаш 1921 жылы Ұлыбритания астанасы Лондон көшелерінде мотоциклдегі полиция патрулі пайда болды;

1966 жылы Ташкентте Рихтер бағамы бойынша қуаты 8 балдық ірі жер сілкінісі болып, 236 әкімшілік ғимарат, 700-ге жуық сауда және қоғамдық тамақтану орны, 26 коммуналдық кәсіпорын, 181 оқу орны, 36 мәдени-тұрмыстық мекеме, 185 медициналық және 245 өндірістік ғимарат қираған. Салдарынан 78 мыңға жуық отбасы немесе 300 мың адам баспанасыз қалыпты.

Ал 1986 жылы Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында апат болған;

Аты шулы "Студия 54" клубы өз жұмысын 1977 жылы АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласында бастаған;

1999 жылы "Чернобыль" компьютерлік вирусы пайда болды. Кейбір мәліметтер бойынша вирус жарты миллионға жуық компьютерге тараған;

2003 жылы өткен ТМД саммитінде Украина президенті Леонид Кучма ТМД елдеріне 26 сәуірді Халықаралық радиациалық апаттар құрбандарын еске алу күні деп жариялау жөніндегі ұсыныс айтыпты.