Алматы циркінің әртістері Britain's Got Talent шоуының екінші турына өтті

Алматы циркінің әртістері Britain's Got Talent шоуының екінші турына өтті Сурет видеодан алынды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері Батыр Жанұзақ, Марлен Маратов және Зарина Дигарбекова танымал британдық Britai 's Got Talent («Британия талант іздейді») телешоуында өнер көрсетті. Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады, онда қатысушылардың бірі баспалдақпен көтерілді, ал серіктес оның басына сүйеніп, бір қолымен тірек жасады.



«Осы уақыт ішінде біздің жүрегіміз қатты соғумен болды. Акробаттар бір-бірінің үстінде тепе-теңдікті сақтай отырып, баспалдақпен көтерілу кезінде бізді керемет шеберліктерімен таң қалдырды. Мұны үйде қайталауға тырыспаңыз», - деп атап өтті жобаны ұйымдастырушылар.



Жобаның көрермендері мен қазылар алқасы Саймон Коуэлл, Аманда Холден, Алиша Диксон және Бруно Тониоли әртістерге қошемет көрсетті. Қазақстаннан қатысушылар 17 мамырда өтетін жобаның екінші турына бірауыздан өтті.



«Біздің әртістеріміз алғаш рет Britain's Got Talent сахнасында цирк нөмірімен өнер көрсетіп, екінші турға өтті. Біз өте қуаныштымыз және оларға сәттілік тілейміз. Олардың келесі нөмірі де өте қызықты болады және көрермендерді таң қалдырады. Жалпы, біздің цирк әртістері өз шеберліктерін үнемі жетілдіріп, Еуропа мен АҚШ-та өнер көрсетіп, елімізді дәріптейді. Сондай-ақ, жас әртістер қала әкімдігінің қолдауымен үздік бейінді шетелдік жоғары оқу орындарында біліктілігін арттырудан өтіп, халықаралық фестивальдар мен конкурстарға қатысады», - деп атап өтті Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.



Britain's Got Talent - бұл британдық таланттардың танымал реалити-шоуы. Жоба жеңімпаздары ақшалай сыйлық пен 2024 жылдың қарашасында Лондонда өтетін Royal Variety Performance-те өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26