әл-Фараби даңғылының бойындағы Есентай өзеніндегі көпір түнгі мезгілде жөндеуге жабылады

әл-Фараби даңғылының бойындағы Есентай өзеніндегі көпір түнгі мезгілде жөндеуге жабылады
almaty-akshamy.kz

Биыл шілдеде Есентай өзеніндегі көпірдің апатты жағдайына байланысты техникалық сараптама қорытындысы бойынша жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Көпірді жаңғырту жұмыстары аясында беларқалар күшейтіліп, ескілері алынып, 96 жаңа аралық құрылыс плита орнатылды, гидроизоляция жасалып, асфальтбетон жабынының төменгі қабаты төселді.

Ауа-райы қолайлы болса, 31 тамыз сағ. 23:00-ден 1 қыркүйек сағ. 06:00-ге дейін Сейфуллин даңғылынан Жароков көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен шектеліп, жол жабының жоғарғы қабаты төселеді. 

Жөндеу аумағын Сейфуллин, Назарбаев, Достық даңғылы, Тимирязев, Жароков, Ерғожин, Розыбакиев және Мұстафин көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Almaty_Joly телеграм арнасында (https://t.me/AlmatyJoly), сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында көрсетілген. 

Бұл 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. 

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.