Қазақстанның оңтүстік өңірінде күн әлі жылы болады

Қазақстанның оңтүстік өңірінде күн әлі жылы болады
Сурет: Oir.mobi

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы.

«Қазгидромет» мамандары 8-10 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Ел аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс суық антициклоны салқын ауа райын сақтайды, тек Қазақстанның оңтүстігінде әлі жылы болады. 

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады: 08 қыркүйекте шығыста, 10 қыркүйекте батыс, солтүстік-батыста – қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ жаууы. Сондай-ақ түнде Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтілуде»,- делінген «Қазгидромет» хабарламасында. 

Елдің солтүстік жартысында ауа температурасы: түнде 2-12, күндіз 15-25 жылы, батыста 2-14, күндіз 10-24 жылы, орталықта және шығыста 1-18, күндіз 15-32 жылы, оңтүстік жартысында 10-23, күндіз 20-35 жылы болады.